13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Білім беруді дамыту жағдайында бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Білім беруді дамыту жағдайында бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы О.Қолдасованың қолдауымен директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді дамыту жағдайында бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Семинар жұмысы қатысушыларды мектеп көрмесімен таныстырудан басталды. Сондай-ақ, педагогтарға мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы ұсынылып, семинарды көтеріңкі көңіл-күймен бастауға сеп болды.
Семинарды алғысөзімен ашқан білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Әметоваға мақсат басқосудың міндеттерімен таныстырып, педагогтарға сәттілік тіледі. Өз кезегінде ұстаздар 11 «в» сыныбында «Ақуыздар», 8 «в» сыныбында «Ахмет Ясауи Диуани хикмет», 9-10 сыныптарда «Тарихи таным», 7-8 сыныптарда «Баскетбол ойынының әдістері», 10 «а» сыныбында «Нарықтық тепе-теңдік», 4 «з» сыныбында «Все профессия важны, все профессии нужны» тақырыптарында әртүрлі ашық сабақтарын көрсетті.
Семинардың қорытынды кезеңінде мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Нарымбет шығармашылық есебін берді. Семинарды қорытындылаған білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Әметова семинардың сәтті өткенін атап өтіп, тәжірибесімен бөліскен педагогтарға ризашылығын білдірді.
Айта кетсек, облыс бойынша қазіргі таңда 1000 мектеп бар. Оның ішінде 907-сі мемлекеттік, 93-і жекеменшік. Одан бөлек, облыста 1378 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы бар. Олардың 77,1%-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Сонымен қатар, өңірдегі ерекше балаларға білім беретін және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен қолдау қызметін көрсететін 31 арнайы білім беру ұйымы бар. Соңғы үш жыл көлемінде облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының желісі көбейді. 2023 жылы 4 инклюзивті білім берудің ресурстық орталығын «Дара қорының» демеушілігімен ашу жоспарлануда.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Next Post

ТОКИОҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ ПЕДАГОГ БАРАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі