13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

7 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын, ұстар бағытын айқындап берді. Соның бірі — барлық саладағы монополияны жою. Бүкіл құзырет бір қолда жинақталып, биліктің барлық тармағы бір адамға қарап отыратын басқару жүйесінің зияндылығын паш етті. Яғни, бұл жүйе демократияға жат екендігін жеткізді. Сондықтан Қазақстанның саяси моделін өзгерту қажет еді. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшетінін жария етті. Мұндай жүйе шынында билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізбек.

Мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесін биліктің қосымша мүмкіндіктерінен жоғары бағалайтынын жариялаған Президент билеуші партия төрағалығынан бас тартты. Партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне жол бермеу, саяси монополияны жою үшін Қазақстанның қазіргі және болашақтағы барлық президенттеріне өкілеттігін атқару кезеңінде кез келген партияға мүше болуына тыйым салуды ұсынды. Осы тұрғыда Ата заңға да өзгерістер енгізілді. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасамақ.

Дәл сол сияқты, Орталық сайлау комиссиясының, жаңадан құрылған Жоғары аудиторлық палата мен Конституциялық соттың төрағалары және мүшелері де партиялардан шығарылды. Барлық өкілеттікті бір қолға шоғырландырған жағдай аймақтарда да көрініс тапты. Сол себепті әкімдер мен олардың орынбасарларына да партия филиалдарында қосымша лауазым иеленуіне, мысалы, филиал төрағасы болуына тыйым салынды.
Сондай-ақ, Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда, ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде енді рұқсат етілмейді. Бұл талап та заң жүзінде бекіді.

Маржан Ержанқызы,
«Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ - НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Next Post

Түркістан: «Білім беруді дамыту жағдайында бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі