13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастармен кәсіпкерліктің қыр-сыры талқыланды

20 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Жастармен кәсіпкерліктің қыр-сыры талқыланды
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары З.Усупахметовтың және жас азаматтардың қатысуымен кездесуі өтті. Іс-шара мақсаты өз ісін ашуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, жастарды кәсіпкерлікке баулу. Жиында З. Усупахметов жастарға алғашқы жеке кәсіпті ашу бойынша түсіндіру жүргізді.
Оның айтуынша, жеке кәсіп ашу үшін алдымен ол туралы идеяны пісіріп алған жөн. Яғни, көздеген бағытыңыз қандай, оған әлеуетіңіз, төзіміңіз бен уақытыңыз жеткілікті ме? Әлбетте, әр кәсіп әртүрлі, сондықтан қаржы да идеяның орасандығы мен көлеміне қарай құбылады. Нысанға шағын бизнесті алсақ, оның міндеттемелері аз әрі тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде кәсіпкер қосымша құн салығынан босатылады.
Келелі кездесуде әңгіме болған ақпарат негізінде ең маңызды сауалдардың жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз.
Кәсіпті неден бастау керек?
Кәсібін бастауға кіріскен кәсіпкер оны заңдастыру үшін ең алдымен тіркеліп, жеке кәсіпкер куәлігін алған жөн, Тұрғылықты аймақ бойынша салық органына жеке кәсіпкерді тіркеуге қою үшін арнайы салықтық өтініш жазылады. Бұл өтініш салық органына қабылданғаннан кейінгі үш күн ішінде жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеу жүргізіледі және оған жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге алынғаны жөнінде арнайы куәлік беріледі екен.
Бизнес-жоспардың маңызы қандай?
Жеке бизнесті ашуда ең маңыздысы жүйелі бизнес-жоспар құру. Шағын кәсіпкерлікте бизнес жоспар айтарлықтай қажет емес. Алайда әр қадам бойынша жазылған әрекет сызбаңыз болса қаржыны үнемдеуге, дұрыс жұмсауға, ісіңіздегі жүйелілікке, бизнесті өрге дөңгелетуге септігін тигізеді. Мейлі бизнес-жоспарыңызды қарапайым блокнотқа жазып, күнбе күн жасаған әрекеттерді, жұмсалған қаржыны түртіп отырыңыз. Мәселен, кәсіп бастамақ саланы терең зерттеп, бүге-шігесіне дейін білу, әр тиын шығынын есептеу қажет. Онсыз бизнес жүрмейді.
Жас кәсіпкерге тағы не білу керек?
Жаңа кәсіпті бастау, оны тұрақты жүргізуге алдымен жаттығу керек. Әдеттен тыс ерте ояну, барлығын қаперде ұстау, серіктестермен белгіленген уақытта кездесу, салықтар, төлемдер мен жалақыны уақытында төлеуді дағдыға айналдыру керек. Алғашқы капитал қағазбастылық, салық, бір-екі айға шамамен кететін шығынды қоса есептегенде артығымен болуы шарт. Олай болмағанда қарызға кіру қауіпі бар. Ал қарыз, несие алу жаңадан құрылып келе жатқан бизнеске кедергі, тіпті соңы болуы мүмкін.
Сөз соңында төраға орынбасары «Жалпы кәсіп ашпас бұрын әр жеке тұлға азамат жанжақты білімімен біліктілгін арттырып, жаңа бастап жатқан кәсібін сүю қажетті аспект. Шабыт пен құлшыныс арқылы жаңа идеялар, қиялдар туады. Күнделікті мотивация мен креативті ойлар сізді керек арнаға салады», дей келе, қатысушыларға өз ісін ашарда батылдық пен сәттілік тіледі.

Previous Post

«Altyn kùz - 2020»: ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Next Post

Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі