13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Altyn kùz — 2020»: ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

18 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
«Altyn kùz — 2020»: ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінде жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Altyn kùz – 2020»  мерекесі өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан қала əкімдері қатысты. Алғы сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті.

«Ауыл шаруашылығын дамыту бұл – стратегиялық маңызды бағытымыз саналады. Пандемияға байланысты кедергілер болғанымен, биылғы жылы қол жеткізген жетістіктеріміздің көрсеткіші жоғары. Алдағы уақытта да жаңа технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласын ілгері дамытуымыз қажет. Осы орайда, аймақтағы балық шаруашылығының үлесі республика бойынша 70 пайызын құрайтынын атап өткім келіп отыр. Сала мамандарының еңбекқорлығы бүкіл елді таң қалдыруда»,- деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Мақтаарал, Жетісай аудандарында төтенше жағдайды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін  Мақтаарал аудандық «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорының басшысы Омархан Нұрашов Омархан марапатталды. Апат кезінде 931 бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылып жойылды. 445,3 гектар аумақ залалсыздандырылып ветеринариялық қауіпсіздік сақталды.

Ал ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін орындауда Қазығұрт ауданы көш басынан көрінді. Ауданда жалпы өнім көлемі 39,5 млрд.теңгені құрап 4,7 млрд.теңгеге артқан. Егіс көлемі 4,1 мың гектарға артып, 8,37 гектарға жылыжайлар салынған. 500 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Екінші орынға Отырар ауданы лайықты деп танылды. Мұнда жалпы өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрап, 4,5 млрд.теңгеге артқан. Негізгі капиталға 1,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 3360 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал шет елдерден импортталған.

Облыс бойынша алғашқы шептен көрінген Сайрам ауданында жалпы өнім көлемі 73,7 миллиард теңгені құрап, 6,9 млрд.теңгеге артқан. Негізгі капиталға 2,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Тамақ өнеркәсіпбіне 630 миллион теңге инвестиция тартылған.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысы қылмыс аз жасалатын аймақтар қатарында

Next Post

Жастармен кәсіпкерліктің қыр-сыры талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі