13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ІІ ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ІІ ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін оқу ордамызда ІІ Түркі универсиадасына қатысушы Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан және Қазақстан делегацияларының ресми өкілдерінің басқосу конференциясы өтті.
Конференцияда сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова универсиадаға қатысушы мемлекет өкілдерімен киелі Түркістан шаһарында, түркі жастарының басын қосқан білім ордасында жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ, 10 –қарашаға дейін жалғасатын аталмыш универсиаданың маңызына тоқталды.
Сөз тізгінін алған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов та өзінің ізгі тілегімен қоса түркі мемлекеттері үшін маңызды шара жөнінде өз ойымен бөлісті:
«ІІ Түркі универсиадасының мақсаты – спорттық жарыстар арқылы Түркі жұртының жас спортшыларын біріктіру, сондай-ақ олардың арасындағы достық пен бауырластықты нығайту»,-деді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан түркі әлемінің ата жұрты ретінде, елімізде түркі универсиадасын өткізу туралы мәлімдесінің маңызына тоқталды. Универсиада аясында тарихы тамырлас түркі жұртының өзара ынтымақтастығы арта түсетініне сенетінін білдірді.
Жиын барысында универсиаданың негізгі бағдарлама легі мен спортшылар өзара бәсекеге түсетін спорттық ойындар, жалпы ережелермен таныстыру жүрді.
Сондай-ақ, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан және Қазақстан делегаттары түркі универсиадасының өтілуі жалпыға ортақ қуаныш екенін жеткізді. Өз мемлекеттерінің атынан дүбірлі доданы өткізуді қолға алған Қазақстанға алғыстарын білдірді.
Конференция соңы бауырлас, түбі бір түркі жұрты өкілдерінің естелік фото түсірілімімен аяқталды.
Previous Post

«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

БЕЛГІЛІ ПРОФЕССОР ДЖО ГЮ ЮН MIND-ЛЕКЦИЯ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі