13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік 30 сарбаз десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды

3 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік 30 сарбаз десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы жинақтау пунктінің алаңында ҚР Қарулы Күштері қатарына бірінші команданы салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери сала ардагерлері, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жаңадан Отан қорғаушылар атанғадар үшін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов сөз сөйледі. Ол әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және әрбір қазақстандық отбасының тыныштығының кепілі екенін атап өтті, сондай-ақ жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
— Сарбаз болып сапқа тұрып, қару алу, әскери борышын орындау — әрбір ер адам үшін үлкен мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен біздің кең даламызды қорғап, оны қазіргі ұрпаққа, бізге аманат етті. Ата-баба мұрасына лайық болу — әр ұрпақтың міндеті. Сіздер біздің еліміздің бейбітшілігі мен жеріміздің тұтастығын сақтауға жанқиярлықпен қызмет ететін батыл жауынгер болатындарыңызға сенеміз. Әскери борышты абыроймен орындап, аман-есен оралыңыздар! — деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау оның әрбір азаматының аса маңызды міндеті екенін атап өтті.
Қорғаныс істері департаментінің бастығы Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, бүгінгі күні ҰҚК Шекара қызметіне күзгі шақыру жоспарына сәйкес үшінші мегаполистен медициналық және психологиялық комиссиядан өткен 170 әскерге шақырылушы жіберілді. Бұдан басқа, бүгіннен бастап Қарулы Күштер қатарына әскерге шақыру жасындағы 450-ге жуық азамат шақырылады. Ал күзгі шақыру науқаны осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
— Салтанатты шығарып салу сарбаздар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылады. Біздің 30 сарбазымыз Қонаев қаласының десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет етуге кетіп жатыр. Бірақ басында олар бір айлық курстан өтеді, онда оларға әскери істің негіздерін үйретеді. Біздің еліміздің қазіргі армиясында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Әскери қызмет тек бір жылды құрайды және байқалмай өтіп кетеді, ал аяқталғаннан кейін әр сарбаз еліміздің жоғары оқу орындарына тегін түсуге немесе келісімшартқа қол қойып, кәсіби әскери болуға мүмкіндік алады, — деп қорытындылады Әбдіғабит Шегебаев.
Шақыру науқанының жоспарына сәйкес бірінші кезекте ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері, Мемлекеттік күзет қызметі, содан кейін – Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жасақталатынын атап өткен жөн. Ал төрт айдың ішінде Шымкенттен 18-27 жас аралығындағы 900-ден астам әскер шақырылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙЛЕР ШЕРУІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Next Post

Шымкентте болашақ мейірбикелер әскери өмірмен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі