13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшілер Түркістан облысындағы «Дарбаза» ауылын шартты жаудан қорғап қалды

15 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшілер Түркістан облысындағы «Дарбаза» ауылын шартты жаудан қорғап қалды
Share on FacebookShare on Twitter

«Дарбаза» оқу полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық жаттығулар өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері қатысты.

Бөлімше командирлері ұрысты сауатты жоспарлауды, ал жеке құрам – заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресте үйлесімді іс-қимылдарды көрсетті.
Шартты жағдай бойынша жаттығу үш кезеңнен тұрды. Алдымен бөлімшелер дабыл қағып, тұрақты орналасу орнынан шеруге шықты. Жеке құрам мен техника берілген ауданға 150 шақырымнан астам қашықтыққа көшірілді. Екінші кезеңде арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуге дайындық жүргізілсе, үшінші кезеңде, әскери қызметшілер кентке заңсыз қарулы құралымның шабуылын тойтару және әртүрлі қашықтықтағы нысандарды жою эпизодтарын орындады.
Батальон командирінің орынбасары майор Дамир Ажгалиевтің айтуынша, бөлімшелердің командирлері мен жеке құрамы штаттық атыс құралдарының барлық түрлерінен нақты атыс жүргізе отырып, жауынгерлік міндеттерді орындауға оқытылады. Олар жаудың көзін жоюды ұйымдастыруды және жоспарды жүзеге асырудан тәжірибе алады.
— Роталық тактикалық топтардың құрамы оларға жүктелген міндеттерге байланысты қалыптасады. Осыған байланысты олар бірлесіп шеру өткізіп, қорғаныс әдістерін пысықтап, басқа да іс-әрекеттерді шыңдады. Мұндай жаттығулар далалық дағдыларды жетілдіруге, жауынгерлік жағдайға жақын жағдайда жұмыс істейтін бөлімшелердің үйлесімділігіне ықпал етеді. Дәл осындай жағдайларда тактикалық бір-бірінің әрекеттерін сезіп және өз қабілеттеріне деген сенімділік пайда болады. Әскери қызметшілер қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерді «жақсы» деген бағаға орындады, — деді батальон командирінің орынбасары майор Дамир Ажгалиев.
Айта кетсек, ротаны дайындау – әскерлерді оқытудағы жауапты кезеңдердің бірі. Рота, батарея — бұл армияның негізгі бөлігі, жылжымалы және оңай басқарылатын бөлімшелер, жауынгердің мінезі шыңдалатын орта. Ал ротаның тактикалық дайындығын қазіргі заманғы ұрыстың талаптары мен шарттарына дейін көтеру шағын бөлімшелер құрамындағы іс-қимылдарды ұдайы пысықтау жолымен жүзеге асырылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыШымкент гарнизоны
Previous Post

СПОРТ БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ

Next Post

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі