13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

СПОРТ БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ

15 сентября, 2023
in Спорт
0
СПОРТ БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жамағат арасында «Спорт — бейбітшілік елшісі» атты шағын футболдан турнир өтті.

Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жамағат арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

Жалпы кіші футбол турниріне 10 команда қатысты. Олар төрешілердің бақылауымен жеребе тарту арқылы командаларға бөлініп, жарысқа түсті.

Бас төрешінің бекіткен топтық ойын кестесіне сәйкес 10 команда кезең-кезеңімен ойнап, ¼ кезеңіне 4 команда (Барыс, Мумтаз, Абай, Тайфун) жолдама алды.

Қыркүйек айының басында бастау алған футбол турнирі ай соңына дейін жалғасын тауып, турнир нәтижесінде І орын – «Барыс» командасы, ІІ орын – «Мумтаз» командасы, ІІІ – орын «Тайфун» командалары иеленді.

Кіші футбол турнирінің марапаттау рәсіміне қоғамдық кеңес төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, Шымкент қаласының бас имамы Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету» бөлімінің басшысы Мәлік Әбдірахман Әбдіжапбарұлы қатысып, жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен кубок және әрбір команда мүшелеріне велосипед, құлаққап, смарт сағат, спорттық рашгард табыс етті.

Сонымен қатар ойын барысында үздік ойын көрсеткен ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзспортШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН САБЫН ЦЕХЫН АШҚАН

Next Post

Әскери қызметшілер Түркістан облысындағы «Дарбаза» ауылын шартты жаудан қорғап қалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі