13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Праймериз қатысушысы «жасыл аудан» бағдарламасын ұсынды

12 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Праймериз қатысушысы «жасыл аудан» бағдарламасын ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы жылдары еліміздегі  ет экспортын арттыруға Сайрам ауданының қосар үлесі зор болмақ. Өйткені мұнда алдағы екі-үш жылда заманауи үлгідегі әлемдік стандарттарға толық жауап беретін ең ірі ет комбинатын салу көзделіп отыр. Ол үшін Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы потенциалы толық жеткілікті. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Nur Otan» партиясы Сайрам  аудандық филиалының кезектен тыс 43 конференциясында пікірсайысқа шыққан «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев мәлім етті.

«Сайрам ауданы елімізге ет өнімдерін ең көп өндіретін өңір ретінде кеңінен танымал. Қазірдің өзінде мал бордақылау алаңдары мен мал сою орындары аз емес. Бірақ бұл ет экспортын алға ілгерілетуге аздық етеді. Сондықтан Сайрам ауданынан заманауи әлемдік стандартқа сай ірі ет комбинатын салуға болады. Мұнда бәрі комплексті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тіпті бордақылауға қажетті жем-шөптің бәрі арнайы тексерістен өтіп,  өзімізде дайындалуы керек. Сонда біз 200 келілік мал салмағын 500 келіге дейін семіртуге жағдай жасай аламыз», – деді кәсіпкер.

Тағы бір ұтымды ұсынысты  үміткер Динара Асылқызы айтты. Ол Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл аудан» бағдарламасын қолдау қажет деп есептейді. Тіпті мектеп пен балабақшаларда эколог мамандарды көптеп тартып, арнайы дәріс ретінде енгізуді ұсынды. Ол өз ұсынысында қоқыстар мен қалдық заттарды қайта өңдеуді алдағы 10 жылда 50 пайызға дейін жеткізуге болатынын тілге тиек етті.

Жарыссөзде бұдан бөлек, ауылдарды газдандыру, ауыз сумен қамту, балалар арасындағы семіздікті жою, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа тосқауыл қою секілді бірқатар ұтымды ұсыныстар делегаттардың кең қолдауына ие болды.

Конференцияда дебатқа қатысқан облыстық маслихатқа үміткерлерге дауыс берілді. Нәтижесінде С.Ертаев  46  дауыс, Ж.Мұсаханұлы 35 дауыс, Д.Егамбердиева 29 дауыс, Б.Төлендиев 28 дауыс, Б.Нишанкулов 28, А.Айкан 26 дауыс, Ш.Халмурадов 24 дауыс, К.Есебаева 24 дауыс, Б.Айтқұлов 22 дауыс  жинады. 48 азамат аудандық мәслихатқа саулауға қатысу үшін партиялық тізімге енгізілді. Бүгінгі таңда Сайрам  аудандық мәслихатында 24 мандат бар. Сайлаудан кейін бұл құрам кемінде 60-70 пайызға өзгереді. Әйелдер мен жастар саны артады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызмет

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

Next Post

ПРАЙС ЛИСТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі