13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылша ауруының алдын алу

25 августа, 2023
in Денсаулық
0
Қызылша ауруының алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылша ауруы әлем бойынша ең жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Оның басты себебі – қызылшаға қарсы вакцинациядан бас тарту.  Қызылша ауруы  балалар арасында жиі тіркелетін, қызылшамен ауырмаған адамдар және қызылшаға екпе алмағандардың өмір бойы кез келген жаста ауру жұқтыру қаупі өте жоғары . Инфекция таралу жолы ауа-тамшылы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен,  жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Инкубациялық кезең – жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша, 7-ден 21 күнге дейін. Есте сақтау керек: ауру бөртпе пайда болып басталмайды, суық тию белгілері сияқты басталады-дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Соңынан коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады. Алғашқы белгілері байқалып, шамамен 2-4 күннен кейін ауыз қуысында ұсақ ақшылдау бөртпелер пайда болады. 3-5 күні бөртпелер айқын дақ түрінде қаптап, көбейіп кетеді. Құлақтың түбінен, маңдайдан бастап, ары қарай бүкіл денесін жауып кетеді. Ұсақ қызғылт дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, формасы өзгереді. Бөртпе пайда болып, 2-3 күннен кейін дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы тағы да көтеріліп, 40,5 градусқа жетуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады. Олар жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалады, екі аптадан соң тері тазарады. Қызылшаның арнайы емдеу тәсілі жоқ. Науқас уақыты дәрігерге көрінуі тиіс. Ауруы асқынғандар ауруханаға жатқызылады.

Қалай алдын аламыз?

Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе алу. Қызылшадан екпе алу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, иммунитет сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адамдар болса дереу оқшаулайды. Қызылша, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды. Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі деп білеміз.

Б.Елемесов

Түркістан облысы СЭБД басшысының орынбасары

 

Tags: ТүркістанТүркістан облысыТүркістан облысы СЭБД
Previous Post

Мектеп сөмкесі қандай болуы керек?

Next Post

ШАРДАРАНЫҢ БАЛЫҒЫН БАКЛАН ЖЕП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі