13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Қыркүйекте Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады

26 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Қыркүйекте Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысын аралады. Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген. Олар Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы.

Екі нысанның да жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, бастапқы сатысы мердігер мекеме «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 2021 жылы басталған. Бірінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырым. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жұмысы 98 пайызға орындалған. Ал екінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым, орындалған жұмыс көлемі 97% құрайды. Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде.

Жалпы құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, Құрсай шағын ауданы толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды. Еске сала кетсек, Құрсай шағын ауданы Тұран ауданындағы ең өзекті шағын ауданның бірі. Мұнда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады. Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ.

Previous Post

Шымкент: Қазығұрт шағын ауданындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Next Post

Шымкентте бес жылда жеті жүзден аса азамат тұрғын үй сертификатын алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі