13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Қазығұрт шағын ауданындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде

26 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Қазығұрт шағын ауданындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда. Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған. Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда. Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіның мәліметінше, бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп- интернатының ғимараты жөндеуден өтеді. 4-шағынаудандағы №78 орта мектеп ғимараты 2004 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 465 орындық білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде 60 пайызға орындалған. Өндірістік кестеге сай ғимарат тамыз айының ортасында пайдалануға беріледі.

Білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты да күрделі жөндеу көрмеген орталықтардың бірі болатын. Мұнда да қазір құрылыс қарқынды жүруде. Жоба бойынша 3 қабатты ғимараттың қабырғасы толық жаңартылып, инженерлік коммуникациялық желілері ауыстырылады. Қаладағы В.Терешкова атындағы №93 жалпы білім беретін мектептің ғимараты да замана талабына сай жабдықталуда. Жаңаталап шағынауданындағы мектептің бірінші корпусы 1951 жылы салынған. Аумақта оқушы саны артқандықтан, соңғы жылдары мектеп кеңейтіліп, қайта жасақталған.

Мұнда да инженерлік жүйелер толық жаңалануда. Жоба бойынша қосымша спорт алаңшасы салынып, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған нысандарды аралап көрген қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, ең алдымен сапаны бақылауға алуды тапсырған болатын. Сондай-ақ өндірістік кестеге сай күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, білім ошақтарын жаңа оқу жылына сақадай сай етіп жасақтауды ескерткен.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҚТАР БЕКІТІЛДІ

Next Post

Шымкент: Қыркүйекте Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі