13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл әлеуметтік оңалту орталығында болды

27 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл әлеуметтік оңалту орталығында болды
Share on FacebookShare on Twitter

Орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында аталмыш орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты. Басқарма басшысының орынбасары Копжан Тұрлыбеков пен орталық директоры Камилла Ауанасова омбудсменге жалпы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады.

Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған. Орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жүйке-жүйелерінің ауруы салдарынан балаларда түрлі ауытқулары бар. Орталық мамандарынан әрқайсысына айрықша көңіл бөліп, жеке оңалту шараларын жүргізу талап етіледі. Білікті мамандар «нейроинфекциялары мен инсульттарының салдары», «Эпилепсия» диагноздары бойынша тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың қимыл-қозғалысын оңалтуға бар күштерін жұмсауда. Емдік шаралар барысында ROBACTIV Локомотив жүйесі, Модульдік баспалдақ «STEP» түрі мен басқа да заманауи медициналық құрал-жабдықтарын қолдануда.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі сапар барысында ерекше балалардың құқықтарының қадағалануы мен қызмет сапасына айрықша назар аударды. -Атқарып жатқан жұмыстарыңыз орасан. Оң нәтижелерін де байқауға болады. Дегенмен, ерекше балалардың күтімі үнемі асқан мейірімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Олардың құқықтарының бұзылмауын қадағалау басты назарда болуы қажет, — деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев. Орталықта қазіргі таңда стационарлық жағдайда 124, жартылай стационарлық жағдайда 82 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айырылған 25 бала орталық қамқорлығында. Оларға 8 арнаулы әлеуметтік психологиялық қызмет түрлері көрсетіледі. Сонымен қатар балаларды қоғамға бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Медициналық бөлімде физиоемдеу, стоматология мен емдік кабинеттер қарастырылған. Дәрігерлердің тағайындауы бойынша науқастарды емдеу үшін физиотерапиялық бағытта қызметтер көрсетіледі. Орталық директоры Камилла Ауанасованың айтуынша, келесі жылы орталықта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қалалық мәслихат қарауына ұсынылмақ.

Previous Post

Шымкент-Армения арасында ынтымақтастық байланыс орнатылады

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА СЕКСЕУІЛ АЛҚАБЫН ҰЛҒАЙТУ АРҚЫЛЫ ҚҰМ КӨШКІНІ САЯБЫРСЫДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі