13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар
Share on FacebookShare on Twitter

Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға артты. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді. Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға артты. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты.

Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды. Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Айта кетсек, бүгін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5%-ды (нақты сектор – 4,8%, қызмет көрсету саласы – 4,9%) құрағанын баяндады. Барлық негізгі салалар оң динамика көрсетіп отыр, құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс салалары бойынша ең жақсы көрсеткіштер тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%-ды құрады. Олардың ағыны көлік пен қоймалауда – 57%-ға, сауда-саттықта – 32,%-ға, ауыл шаруашылығында – 22%-ға, білім саласында – 21,5%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ға өсті.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша қаңтар-мамыр айларында сыртқы сауда айналымы 8%-ға өсіп, $55,8 млрд-ты құрады. Экспорт $31,6 млрд-қа жетті, бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 3,8%-ға өсіп, $10,2 млрд-ты құрады. Тауар импорты $24,2 млрд-ты құрады. Жалпы алғанда республиканың оң сауда балансы шамамен $7,4 млрд-ты құрайды.

 

Previous Post

Сайрам: Оқушылар үйінде командалық ойындар өтті

Next Post

Шымкент: Құрсай шағын ауданындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі