13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам: Оқушылар үйінде командалық ойындар өтті

11 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Сайрам: Оқушылар үйінде командалық ойындар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, «Оқушылар үйі» МКҚК-де балаларға арналған командалық ойындар өтті. Бұл балалар ұжымын біріктіруге, оларды бір-бірімен сөйлесуге, келіссөздер жүргізуге, достасуға, бір-біріне өзара көмек көрсетуге арналған қарапайым ойын түріндегі мақсатты тапсырмалар. Бүкіл ұжымды шыңдайтын құралдың бір түрі. Толығырақ айтқанда, балалар тимбилдингі — тек көңіл көтеруге бағытталған спорттық-сауықтыру іс-шарасы ғана емес, бұл балаларға арналған барлық командалық ойындар арқылы оларды бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынас жасауға үйрету. Сонымен қатар, бір-бірін қолдауға, бостандықта, топта жұмыла жұмыс істеуге және жеңуге үйретеді.

Жеке тұлғаны қалыптастыруға, білім мен тәрбиенің даралануына көңіл бөлетін қосымша білім беру ұйымдары мен бағдарламаларды жан-жақты жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген. Оқушылар сарайының мақсаты –жасөспірімдердің көзқарасын кеңейтіп, үйірме мүшелерінің азаматтық, патриоттық сезімін шыңдау. Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеп, бала бойындағы рухани құндылықтарды дамыту, азаматтық және көш-басшылық қабілеттерін арттыру.

Оқушылар үйін «балдырғандар әлемі» деп атауға да болады. Үйірме оқушыларының жетістіктері туралы ауыз толтырып айтуға болады. Оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен көрмелерге және де туристік слеттерге үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Үйірменің үздік байқаулары оқушының шығармашылық қабілеттерін артыруда. Аудандық оқушылар үйінде үйірме аралық байқаулар өтіп тұрады. Әсіресе, педагог-психолог: ­Лаура Ершағырқызы ұйымдастырған «Менің сүйікті үйірмем», «Үйірменің үйретері көп», «Менің сүйікті отбасым», «Мен өмірді сүйемін» байқаулары оқушыларды ыстық ықыласқа бөледі. Көңілдерінен шыққан бұл сайыстар, тағы қайталанып өтілсе екен деп өз ұсыныстарын, жылы лебіздерін аудандық оқушылар үйінің директоры Б.Әбішевке айтып, тарқасты. Оқушылар үйі – мектеп іспеттес, жас жеткіншектер ордасы. Бала психологиясын түсіну кейде педагог мамандардың қолынан келмей жатады. Осы себепті орталық психологы үйірме оқушыларымен қатар аудандық іс-шаралар кезінде мектептерден келген оқушылар және мұғалімдерден үнемі психологиялық тренингтер өткізіп тұрады.

Қазіргі таңда, ата-аналар өз балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларын бірнеше үйірмеге жазып жатады. Әр үйірмеге бала өз қабілетін дамытуға және мектепте алған білімін жетілдіруге, болашақта мамандық таңдауда адаспауға көмектеседі, сондықтан барлық үйірмелер сұранысқа ие. Талай шәкірттің қабілет-қарымын шыңдап, қияға қанаттандырған аудандық оқушылар үйі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарының үйретері көп. Арнайы жабдықталған үйірме кабинеттері арқылы баланың ой-өрісін дамытуға байланысты мүмкіндіктер жоғары.

Previous Post

ТҰРҒЫНДАРҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Next Post

Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі