13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Әскери оркестр Шымкент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

10 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
​Әскери оркестр Шымкент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметпен қарсы алды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери оркестрі Астананың 25 жылдығына орай Шымкент тұрғындарын Арбат алаңында саптық шеруімен және вальс әуендерін тарту етіп, көтеріңкң көңіл-күй сыйлады. Әскери музыканттардың қойылымы плац-концерттен басталды, олар музыкалық аспаптарды шебер меңгеріп қана қоймай, саптық дайындық деңгейін, үйлесімді және нақты қимыладрымен көрсете білді.

Әскери дирижер Жандос Сатимбаевтың жетекшілігімен музыканттар азаматтарға патриоттық әндер мен заманауи әуендердің попурриін сыйға тартты. Концертті тыңдауға аға буын өкілдерінен бастап сәбилерге дейін жүздеген адам жиналды, көпшілігі отбасыларымен келді. Жастарға танымал фильмдердің саундтректері ұнаса, аға буын өкілдері эстрадалық шлягерлердің әуендеріне қуана қосылды. Оркестрдің өнер көрсетуі Ерболат Құдайбергеновтің «Мен қазақпын» шығармасымен аяқталды. Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметпен қарсы алды.

Айта кетсек, әскери оркестрдің шығармашылық ұжымы – көптеген фестивальдердің, байқаулардың лауреаты, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған шерулердің тұрақты қатысушысы. Еске сала кетсек, мереке қарсаңызда шымкенттіктер «Астана — ұлы дала Елордасы» атты мерекелік кешті тамашалап, Арбатта шырқалған әсем әндерді тербеле тыңдады. Күннен күнге көріктене, заманауи жасампаздықпен дамып келе жатқан елорданы ән мен жырға қосқан шымкенттік «Қазына» би ансамблі, қазақ халық аспаптар оркестрі, филармония және әзіл сықақ театрының өнер ұжымы, сонымен қатар өзге де бір топ шығармашылық өнер жұлдыздары сахнада ән мен биден шашу шашып, көрермен қошеметіне бөленді. Бүгінгі мерекелік көңіл-күй шымкенттіктер мен қала қонақтарын қуанышқа кенелтті.

 

Previous Post

«Білімді ұлт» сапалы білім беру

Next Post

Шымкенттегі ОҚМПУ Сиань қаласының университетімен ынтымақтастық орнатты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі