13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауызсуды кестемен ішіп отырған елдімекендердің мәселесі шешіледі

3 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ауызсуды кестемен ішіп отырған елдімекендердің мәселесі шешіледі
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Шымкент қаласындағы ауызсуды кестемен ішіп отырған үш елдімекеннің мәселесі шешілетін болды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов ауыз су құбырлары тартылып жатқан нысандар құрылысын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар. Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген.

Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін жетеді.

 

Previous Post

Шымкент қаласында «такс фри» пилоттық жобасы іске асады

Next Post

​В Шымкенте прошли пожарно-тактические учения по предупреждению лесостепных пожаров

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі