13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласында «такс фри» пилоттық жобасы іске асады

3 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласында «такс фри» пилоттық жобасы іске асады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Астана, Алматы және Түркістан қалаларында іске асып жатқан пилоттық жоба Шымкент қаласында да жадғасын таппақ. Мемлекеттік кірістер комитеті туризмді дамыту мақсатында тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) қосымша құн салығы сомасын өтеуді көздейтін «такс фри» пилоттық жобасын іске асыруда. Бұл ретте шетелдіктің алып бара жатқан тауарының сатып алу құны 20 айлық есептік көрсеткіштен асуы керек (ҚР ҚМ 2019 ж. 13 тамыздағы № 871 бұйрығы бойынша).

Премьер-Министр Орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Енді аталған пилоттық жоба Шымкент қаласында да жүзеге асады. Өзгерістер енгізілгенге дейін пилоттық жобаны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың 30 маусымында шектелген және Астана, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан сауда субъектілеріне қолданылды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32935 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы жоба Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеуге бағытталған. «Такс фри» жүйесінде қосылған құн салығының сомасын өтеу пилоттық жобаға қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарында «такс фри» жүйесінде сауда қызметі субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана жүргізілетінін атап өткен жөн.

 

Previous Post

Шымкенттің бас жоспары мақұлданды

Next Post

Шымкентте ауызсуды кестемен ішіп отырған елдімекендердің мәселесі шешіледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі