13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әкім Шымкентті тез арада сапалы электр қуатымен қамтуды тапсырды

21 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Әкім Шымкентті тез арада сапалы электр қуатымен қамтуды тапсырды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жететіні хабарланған болатын. Шымкент қаласының әкімі тұрғындардың өтінішін ескеріп, тез арада сапалы электр қуатымен қамтуды тапсырды . Қазір қалада сапалы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанның атап айтқанда, 4 елді мекенде ішкі жүйелердің және қосалқы станса мен электр тарату бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сапалы жарық желілері Ынтымақ, Батыс, Тұран, Түркістан, Қайнар бұлақ, Нұрсәт, Бозарық, Асар елдімекендеріне тартылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Түркістан шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын пысықтады. Қазіргі таңда мұнда 8,6 шақырым электр желісі тартылып, 3 трансформатор стансасы мен 352 бағана орнатылды.

Құрылыс 95 % аяқталған. Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындардан электр қуатының төмендігі, апаттық жағдайлар бойынша өтініштер көп түсіп жатқанын ескертіп, жаңа электр желілердің құрылысын тамыз айына дейін аяқтап, тез арада сапалы электр қуатымен қамтуды тапсырды. Нысан іске қосылғанда 436 абонент үздіксіз жарыққа қол жеткізеді. Айта кетейік, биылғы алғашқы тоқсанда Батыс, Тұран, Қайнар бұлақ, Түркістан, Нұрсәт елдімекендерінде ішкі электр жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор мен қосалқы станция орнатылды. Нәтижесінде 10 мыңға жуық отбасы сапалы электр қуатымен қамтылды. Еске сала кетсек, биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізілетінін хабарлаған болатын Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс жұмыстары аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жететінін, нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайтынын, сондай-ақ тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізілетіндігі хабарланған еді.

 

Previous Post

Шымкент: Штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды

Next Post

Шымкент: Нұртас шағынауданы тамыз айында табиғи газбен қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі