13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІН АРАЛАДЫ

20 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІН АРАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы бірқатар жазғы сауықтыру лагерлерін аралады. Балалардың лагердегі жағдайын көріп қайтты. Жұмыс сапары Төлеби ауданынан басталды. Қасқасудағы “Көктөбе”, Керегетастағы “Тау гүлі”, Қайнардағы “Тау шыңы”, Екпіндідегі “Біркөлік шатқалы”, Біркөліктегі “Қуаныш”, Сарыағаштағы «Балдаурен» лагерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Биыл Төлеби ауданында әлеуметтік статусқа ие 1000 оқушыны «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қоры есебінен жергілікті лагерьде демалдыру жоспарланған. Осы оқушылардың 250-і Төлеби ауданындағы табиғаты тамылжыған Біркөлік елдімекенінде орналасқан «Қуаныш» лагерінде демалды. Қалған 750 төлебилік оқушы Қазығұрт ауданы, Көкбел ауылы, С.Рахимов елді мекеніндегі «Қазығұрт» лагерінде алдағы үш маусымда демалады. Әр маусымның ұзақтығы 10 күн.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен төлебилік оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, спорт жарыстарының, өнер байқауларының жүлдегерлері, барлығы 3390 оқушы Төлеби ауданындағы «Көктөбе», «Қуаныш» лагерьлерінде демалуда.

Сондай-ақ, биыл білім қызметкерлері кәсіподағы Төлеби аудандық комитетінің ұйымдастыруымен аталмыш кәсіподақ мүшелерінің 120 баласы жазғы демалысын жергілікті лагерьлерде өткізді.

Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.

Previous Post

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ САЙРАМДАҒЫ «БОЛАШАҚ» ЖАЗҒЫ СУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА» БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ЖЫЛ БОЙЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі