Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер судағы қызықты сәттерсіз елестете алмайды.
Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзінше, бұл сайыстың балаларға берері мол.
– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, — деді ол.
Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты.
Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды.
Мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасады.
Жаңа технологиялар әлеміндегі балалар мен жастар шығармашылығы ұғымының өзгергенін түсіну инновациялық әдістемелерді белсенді енгізуді, заманауи құрал-жабдықтарды кеңінен қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта түрленген Түркістан төріндегі қосымша білім берудің басты ордасына айналған Түркістан облыстықадам әлеуетті дамыту басқармасына қарасты заманауи үлгідегі жаңа оқушылар сарайы қаланың көркем келбетін көрік қосумен қатар аймақтағы қосымша білім беру саласының ілгері дамуына тың серпін бере бастағаны байқалады.