«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген пилоттық анимациялық жобаның өндірісін бастады.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, анимациялық альманахқа кіретін әр туындының хронометражы 5 минуттан асады. Өндіріске жіберілген 10 жоба арнайы ұйымдастырылған байқау нәтижесінде іріктеліп алынды.
Конкурсқа түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар негізінде жазылған 26 студиядан 40 сценарий қабылданды. Ашық қорғау қорытындысы бойынша «Үш Арыс», «Шырақ батыр мен бүркіт жайлы аңыз», «Ләйла. Түркі Патшайымының құпиясы», «Ашина – бірінші көктүрік», «Тұран», «Алтын көл», «Ахмет», «Қожанасыр және ұры», «Суындар» және «Жұмақ дегеніміз…» атты 10 анимациялық жоба қолдауға ие болды.
«Өндіріске жіберілген пилоттық анимациялық жобалар жанр жағынан да, тақырып бойынша да бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен дараланады. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, қазақстандық студияларға жаңа нарықтарға шығып, көрермен аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл – болашақта бауырлас елдермен бірлескен анимациялық жобалар жасаудың алғашқы қадамы», — деді министрліктің Мәдениет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Күміс Сейітова.
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады.