13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы орталық қазандық табиғи газбен жылытыла бастады

9 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістандағы орталық қазандық табиғи газбен жылытыла бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында 28 қазаннан бастап орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған ғимараттарға жылу беріле бастады. Қазіргі таңда «Жылу» МКК «Отырар» ықшамауданында 29 көпқабатты, I және II мөлтек ауданында 75 көпқабатты, 28 әлеуметтік бюджеттік мекеме мен 54 жер телімді үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етіп отыр.

Орталық қазандық биылдан бастап қатты отыннан арылып, табиғи газбен жылыту ісіне көшкен. Ол үшін республикалық бюджеттен 750 млн. теңге қаржы қаралып, алматылық «ASI Building» ЖШС мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мұнда автоматикалық бақылау, жылу жүйесі, суды химиялық тазалау және сумен жабдықтау бөлімдері бар. Ал, «Отырар» ықшамауданында 2О19 жылдан бастап №2 және №3 қазандық бөлімшелері жұмыс жасайды.

2010 жылдан бері қара алтынмен жылу беріп келген мекеме қоймасында 1200 тонна көмір қоры сақтаулы. Көгілдір отынмен жылыту кезінде қандай да бір ақау болған жағдайда ескі қазандық пеші көмірмен жылу беруге резевке дайын.

Мекеме директоры Ерғазы Рысбековтың айтуынша, ұжымда жалпы штаттық кестеге сай 113 жұмысшы еңбек етеді. Оның ішінде 78 адам аусымдық жұмысқа жұмылдырылған. Жылу беру маусымы 149 күнге созылады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттен 50 әскерге шақырылушы Алматыға қызмет етуге аттанды

Next Post

Шымкент гарнизонының футболшылары – өз дивизионындағы көшбасшылар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі