13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттен 50 әскерге шақырылушы Алматыға қызмет етуге аттанды

9 ноября, 2020
in Қоғам
0
Шымкенттен 50 әскерге шақырылушы Алматыға қызмет етуге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Күзгі әскерге шақыру іс-шаралары аясында және Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін жас сарбаздармен толықтыру үшін, Шымкент қаласынан 50 әскерге шақырылушы Алматы қаласындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөліміне аттанды.
Қарулы Күштердің элиттік бөліміне, атап айтқанда десанттық-шабуылдау әскерлеріне Шымкенттен 50 әскерге шақырылушы аттанды. Олардың көпшілігі аймақтың патриоттық клубтарында бастапқы дайындықты игерген.
Алматыдағы десанттық-шабуыл бригадасына кететін шақырылушылардың арасында — ең мықты және қабілетті жастар. Десанттық-шабуылдау әскерлеріне кіру оңай емес. Жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің ақпараты бойынша бір орынға бірнеше үміткер болып отыр.
«Бұл балалар біздің армиямыздың ең жақсы бөлімшелерінің біріне қызмет етуге барады, іріктеуден өтіп, ертеңнен бастап десантшылар қатарын толықтырады», – деп атап өтті десант-шабуыл бригадасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Елдос Бозғұлов.
Болашақ десантшыларды жіберу Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жинау пунктінде өтті. Медициналық комиссиядан өтіп, әскери киім алған 50 болашақ жауынгер жақын арада әскери бөлімге қызмет өткеру үшін кетеді.
Әлемдік пандемияға байланысты жаңа талаптарға сәйкес әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберер алдында міндетті түрде ПТР тестілеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, оларға әскери бөлімге барар жолда бактерияларға қарсы заласыздандырғыш қол гельдері, медициналық қолғаптар мен маскалар беріледі.
«Біздің өңірде әскерге шақыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жасақтау жоспарына сәйкес, 19 қазаннан бастап біз командаларды Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне жіберудеміз. Әскер қатарына шақырылушылар түрлі әскери мамандықтарды игеріп білім алады. Жастар әскери борышын абыроймен атқарып, өңіріміздің намысына кір келтірмейді деп ойлаймын»,- деп атап өтті Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев.
Атап айтқанда, биыл әскери қызметке Шымкенттен 18-27 жас аралығындағы 1500-ге жуық жасөспірімді жіберу жоспарланып отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзҚарулы Күштерәскер
Previous Post

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру – бәсекелестіктің басты шарты

Next Post

Түркістандағы орталық қазандық табиғи газбен жылытыла бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі