13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Биыл білім ұяларында «Оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жетілдіру» атты әдістемелік семинар өтті

17 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Биыл білім ұяларында «Оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жетілдіру» атты әдістемелік семинар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен бірнеше сала бойынша әдістемелік десанттар өткізді. Солардың бірі – орталықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жетілдіру» тақырыбындағы әдістемелік көмек көрсету семинары болды.

Түркістан қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектептеөткізілген әдістемелік семинар «Менің аулам» әлеуметтік жобасы аясында ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынасты орнатудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын айқындауға бағытталды. Семинарға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары қатысты.

Семинар барысында «Мектепке арналған PISA зерттеуінде қарастырылатын әлеуметтік және эмоционалды дағдылардың сипаттамасы» тақырыбында білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік көмек көрсетіліп, теориялық және педагогикалық тәжірибе алмасумен қатар инновациялық идеялар да айтылды. Қатысушы мамандар өз ұсыныстарымен бөлісті.

Білім жүйесі мемлекетіміздегі ең маңызды салалардың бірі. Түркістан қаласындағы Адами әлеуетті дамыту бөлімінде айтарлықтай өзгерістер мен елеулі жетістіктер баршылық. Осыған байланысты қаламыздың бас ұстазы Оразкүл Шайхықызы былай деді:

– Мемлекеттің білім беру саласына ерекше қолдау көрсетіп отырғанын оған бюджеттен бөлінетін қаржы көлемінен де аңғаруға болады. 2022-2023 оқу жылында қаланың білім мекемелерін қаржыландыруға 23 млрд. 993 млн. 56 мың теңге қарастырылған. Оның 10 млрд. 640 млн. 157 мың теңгесі – сала мамандарының айлық еңбекақысына, 677 млн. 984 мың теңгесі – білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және 6 млрд. 590 млн. 92мың теңгесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл аз ақша емес, мұның бәрі де мемлекеттің балалар болашағына жасап отырған қамқорлығы екендігі даусыз. Бүгінде Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 61 білім беру мекемелері жұмыс жасауда. Саралап айтар болсам, 21 жалпы орта мектеп, 5 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 2 ІТ мектеп-лицей, 1 мектеп-интернат, 1 мектеп-балабақша кешені, 1 кешкі мектеп. Олардың үшеуі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Әмір Темір, Әл Фараби, Кешкі мектеп), 20 мектепке дейінгі мекеме яғни балабақша және 7 мектептен тыс мекемелер бар. Одан тыс, қаламызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 мектеп, 87 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасауда. Мемлекеттік мектептердің 15-і қазақ тілінде, 12-сі қазақ-өзбек тілінде, 5-і қазақ-орыс тілінде, 2-і қазақ-өзбек-орыс тілдерінде оқытылады. Барлық білім ошақтары ішкі әжетхана жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ мектептер мен балабақшалар түгелдей көгілдір отынмен жылытылады. Қазақ қоғамының тағы бір проблемасы – бізде ажырасқан отбасылар көп. Ал жалғызбасты әйел қанша жерден мықты болса да ұлдарға әкенің тәрбиесін бере алмайды, оның табиғаты әйел. Сондай-ақ, кейінгі кездерге дейін ер адамдар мектеп, балабақша жұмысына араласпады. Өйткені олар отбасын асырайтын жандар ғой, көп табыс табуы керек, ал педагогтардің айлығы аз. Қазір Президенттің қолдауымен мұғалімдердің жалақысы да, мәртебесі де көтерілді. Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талап та күшейтілді. Енді мектепке ер адамдар келе бастады. Бұл жақсы үрдіс, оған қуануымыз керек.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және үйірмелерге тарту мақсатында қосымша білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуда. Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде 2021-2022 оқу жылында 33290 оқушы үйірмелермен қамтылса, 19100 оқушы спорттық секцияларға қатысты. 2021-2022 оқу жылында 7 қосымша білім беру мекемелеріне (Балалар мен жасөспірімдер орталығы – 1410 оқушы, Саз мектебі – 294 оқушы, «Ақжайық» музыкалық мектебі – 139 оқушы, Өнер мектебі – 72, Қолөнер мектебі – 273 оқушы, Жас туристер станциясы – 678, Оқушылар сарайы – 1188) 4054 бала жұмылдырылған. Жалпы, қала бойынша 38700 бала қосымша білім беруге қатысады. 5 мекемедегі қосымша біліммен қамтылған оқушыларға сынып бөлмелері жетіспейді. Атап айтқанда, Қолөнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, Өнер мектебі, Жас туристер орталығы, Саз мектебі. Тіпті, 3 қосымша білім беру ұйымының (Саз мектебі, Өнер мектебі, Жас туристер орталығы) өз ғимараттары жоқ. Аталған білім беру ұйымдары «Халықтық кеңсе» ғимаратында орналасқан. Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердің көпшілігі тиісінше 2020 ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржысына қарай Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілді. Сөйтіп жаңа оқу жылын оқушылар жаңарған мектептерде бастады. Мұның барлығы түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар. Түркістан қаласындағы барлық мектептер жүз пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Видео жазбаны сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды. Мектептер арнайы күзетпен қамтамасыз етілмеген. Күзетуді қарауылдар мен вахтерлер жүзеге асырады. Мектептерге 2021 жылдың қыркүйек айында дабыл түймелері орнатылды. Білім ошақтарының 6,2 пайызы оқушылардың электрондық базасымен және турникеттермен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң қолға алынған. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын іріктеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығына сәйкес жүзеге асырып отыр. Қазіргі таңда 12 мектеп, 6 балабақша басшылары іріктелді, — дейді Оразкүл Шайхықызы.

Previous Post

«КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ СӘНДІК ЖҰМЫСТАР» БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Next Post

«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі