Ағымдағы жылдың 29-маусымында онлайн форматта, ал 4-шілдеден бастап офлайн форматта Кентау көпсалалы колледж базасындағы Республикалық оқу — жаттығу лагерінде «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша халықаралық чемпионатқа іріктеу басталды.
Бұл іріктеу Worldskills — 2022 Республикалық чемпионатта І орынды жеңіп алған Алина Карюкина және ІІ орын иегері Санжар Бекмуха есімді қатысушылар арасында өтіп жатыр. Алина — Көкшетау қаласындағы «Құрылыс — технологиялық колледжінің, ал Санжар «Алматы құрылыс — техникалық колледжінде білім алады. Іріктеуден өткен жеңімпаз қатысушы қыркүйек айында Гданьск қаласында өтетін WORLDSKILLS EUROPE GDANSK — 2023 чемпионатына жолдама алады.
Іріктеу және дайындық жұмыстарын Кентау көпсалалы колледжінің бөлім меңгерушісі, халықаралық сарапшы Д.Анарбаеваның жетекшілігімен өтуде.
Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер, кәсіпорындар қызметкерлері мен жұмыскерлері, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатыса алады. Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады. Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Анықтама: WorldSkills дүниежүзілік қозғалысының белсенді дамуы, жұмыс мамандықтарының беделін арттыру мен көпшілікке танымалдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. 1946 жылы құрылған WorldSkills қозғалысы 82 елде кәсіби даярлық стандарттарын арттырады және кәсіби дағдыларды бағалау мен дамытуға, кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, экономикалық өсу мен жеке табыс үшін құзыреттіліктің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Қатысушыларының жас санаты 22 жасқа дейінгі жастар: колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ кәсіпорындардың жас қызметкерлері. 2014 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills International (WSI) толық құқылы мүшесі болып табылады. «Talap» КЕАҚ WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым-мүше ретінде WSI (2014), WSE (2016),WSA (2019) қабылдады және оған сәйкес серіктестік келісімдері бар. Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес «Talap» КЕАҚ Қазақстанда WorldSkills қозғалысының Ұлттық операторы болып табылады. 2015 жылдан бастап сервистік, индустриалдық мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында елімізде жыл сайын 2000-нан астам қатысушылармен аймақтық және республикалық деңгейде WorldSkills чемпионаттары өткізіледі. Қазақстан ұлттық құрамасының 5 рет халықаралық чемпионаттарға (Бразилия, Швеция, БАӘ, Венгрия, Ресей, Австрия «Веб әзірлеу» құзыреттілігі бойынша бірінші рет қола медальді жеңіп алды) 200-ден астам конкурсанттар мен сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылды.