«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деп халық айтқандай, білім мен ғылым — әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да – мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі. Сол себепті тәрбие ошағы – мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтыон ғана емес,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғақалыптастыру міндеті тұр.
Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр,өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды(Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы). Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.
4) бағалау.Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде жаңа ұғымды меңгеру процесін түсіну, оны қорыту және қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде оның мәнді және мәнсіз жақтары сараланып, қорытындыланады да, содан соң соның негізінде жекеленген (мәселелер) шешіледі. Олармен қоса жас баланың бойында оқытудың бастапқы сатыларында оның білімінің жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған білімнің әмбебаб кешенін және әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін қалыптастыру мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі сынып оқушыларын білім беру салалары категориялары жүйесінде оқыту оларға арнайы қандай да бір пәндермен бірге жан-жақты әрекет, қызмет амалдарын үйрету аясында жүргізілуі тиіс. Бұл жинақтай келгенде, ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды. Бұл процесті қалыптастыруда бақылау әрекетін қолдану арқылы іске асырылды. Ол үшін оқушыларда игерілген білімнің белгілі бір жиынтығын информатика пәнімен байланыстырып танымдық тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.
Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға арналса, екіншілері оқушылардың біліміндегі нақты кемшіліктерді анықтауға, мақсатты түзету жұмысын жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға ықпал етеді.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.
Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.
Білім неліктен маңызды? Бұл мақалада білім алудың маңыздылығы, оның қоғамға әсері және сізге білім алудың себептері туралы білу қажет нәрсенің барлығы түсіндіріледі.
Көпшілігіміз білімнің маңыздылығын жастайымыздан үйретеді. Бірақ білім неге маңызды? Көңілсіз оқу жылында бұл уақытты босқа кетіру немесе сізге қажет нәрсе деп ойлауыңыз мүмкін. жұмысқа орналасу.
Әйтсе де, шынымды айтсам, білім алу – жұмысқа орналасу, ата-анаңды қуанту емес. Бұл адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі.
Білім алу кез келген адамның қасақана әрекеті болуы керек, өйткені ол сізді тұтастай өмірмен таныстырады, сонымен қатар өркениетті адам болу және өмір сүру үшін ең жақсы құралдарды ұсынады.