13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Талапкерлер неліктен білім грантына өтініш бере алмай жатыр

14 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Талапкерлер неліктен білім грантына өтініш бере алмай жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» неге білім грантына өтініш берер кезде техникалық ақаулар болып жатқанын түсіндірді. Бүгін Электронды үкімет порталында білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды. Бірақ қызметті алу барысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапында техникалық ақаулар байқалып жатыр.

Инфрақұрылым жағында және ҰББД АЖ мәліметтерін беру бойынша онлайн анықтамалықтарда мынандай проблемалар туындаған: ҰБТ нәтижелері, білім беру бағдарламалары, ЖОО мәліметтерінің болмауы.»Бұл қызметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, «Ұлттық тестілеу орталығы» АҚ, «ҰАТ» АҚ бірлесіп іске асырды және осы қызметті алу үшін барлық мәлімет ҰББД АЖ және ҰТО дерекқорынан тартылады. Қазіргі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері аталмыш қызметтің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өтінім беру үшін қажет техникалық жұмысты жүргізіп жатыр. Сонымен қатар биыл қызметті барынша үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында көпарналы түрде (ЖОО-ның қабылдау комиссиялары және онлайн қабылдау ЖОО-лары арқылы қосымша) көрсетілетінін атап өтеміз».
Электронды үкімет порталының хабарламасы: «Egov порталы — пайдаланушымен өзара іс-қимыл терезесі. Біз қызметке қажетті мемлекеттік органның деректерін ғана қолданамыз, бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерекқорынан алынады. Портал әуелі талапкердің қандай мамандықты таңдай алатынын, ҰБТ нәтижелері және т.б. ақпаратты алады. Егер осы мәліметтерді алу дұрыс жұмыс істемесе, талапкер қызметті пайдалана алмайды», — деп түсіндірілген хабарламада.

Биылғы оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші түлектер саны – 30266. Олардың 23865 оқушы (78,8 %) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 402 талапкер айырылды.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетейік, биыл 50 мыңнан астам апелляциялық өтініш қарастырылып, оның ішінде 805 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 100 мыңға жуық өтініш өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 26 МЫҢ КІТАП ҮЛЕСТІРІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 29 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі