13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 26 МЫҢ КІТАП ҮЛЕСТІРІЛДІ

14 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 26 МЫҢ КІТАП ҮЛЕСТІРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өтті. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылары қатысты. Жиынға Облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков модераторлық етті.
«Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» іс-шарасының аясында Тараз, Алматы, Қызылорда, Астана және Шымкент қалаларына әдеби сапар жасалды. Сапар аясында зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, кітап көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылды. Аталған іс-шара аясында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы қолған алынған болатын. Акцияның мақсаты – өңірдегі ауыл кітапханаларының қорын толықтыру.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында жиналған 26 мың кітапты аудандық кітапханашыларға сыйға тартты. Әр ауданға орта есеппен 1300-ден астам кітаптан үлестірілді.
Аталған акцияға өлкемізден шыққан зиялы қауым өкілдері, депутаттар, журналистер, қаламгерлер, ҚР Ұлттық архиві мен ҚР Ұлттық академиясы, Португалия, Үндістан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан елдердерінің елшіліктері, Қазақстан жазушылар одағы, Түркі академиясы ұжымы, «Дәулеттен» қайырымдылық қоры, Ғылым ордасы үлес қосты. ҚР Ұлттық кітапханасы – 7000, Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы – 1000, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – 4000, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – 4000, Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы 2000 кітап тапсырды.
Түркістан жұртшылығы жанашырларға ризашылықтарын білдіруде. Кездесудің екінші бөлімі облыс әкімі орынбасарының өңір кітапханашыларымен кездесуімен жалғасты.
Жиында кітапханалардың бүгінгі жай-күйі, оқырмандарды тарту, кітапханалардың материалды-техникалық базасы туралы өзекті мәселелер көтерілді. «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кітапханаға келушілер саны артқанын мәлімдеп, «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» жобасының қорытындысы жайлы баяндады. Түлкібас аудандық кітапханасының директоры Қамар Мекембайқызы аудандық кітапханалардын жағдайына тоқталса, саурандық кітапханашы Гауһар Ағыбайқызы апаттық жағдайдағы кітапханалар жайын қозғады.
Түркістан облысында 396 кітапхана бар. 2023 жылдың І жартыжылдығында облысқа қарасты кітапханалардың кітап қоры 6 млн. 85 мыңнан асты. Өңірдегі 396 кітапхананың 54-і ғана жеке ғимаратта орналасқан. 153-і мәдениет үйлерінен қоныс тепкен. Апатты жағдайдағы және күрделі жөндеуді талап ететін 13 кітапхана бар. Интернетпен қамтылмаған кітапханалар де тіркелген. Облыс әкімінің орынбасары осы мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүретінін жеткізді

Previous Post

Мектептің жаны-мұғалім

Next Post

Талапкерлер неліктен білім грантына өтініш бере алмай жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі