Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 1 шілдедегі №17-1/3966-И, кешенді мониторинг нәтижелері бойынша жинақталған өңірлердің «озық тәжірибелер топтамасын» өзара тәжірибе алмасу хаты негізінде «Озық тәжірибе» өңіраралық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарға Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарының әдіскерлері қатысты.
Тәжірибе алмасу семинары — өзге өңірлерге орталықтың үздік, озық деп танылған жобаларымен таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында үздік деп танылған:
KitapXАН@ кітап оқу жарысы;
«Intellectum DD2» директорлар дебаты;
TOnlineAdisker ақпараттық бағдарламасы;
«Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру;
«Әдістемелік Ашық есік күні» жобаларының таныстырылымы көрсетіліп, өткізілу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушылар арасында диалогтық алаң құрылды. Таныстырылған жобалар бойынша қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Алматы облысынан келген әдістемелік орталық әдіскері сөз алып семинарда таныстырылған үздік жобалардан аларымыз көп екен деген пікір білдіріп, жобаларды оңтүстік өңірлер арасында (Түркістан, Алматы, Тараз) өңіраралық жоба етіп шығаруды ұсынды.
Атырау облысынан ZООM платформасымен қатысқан әдістемелік орталық директорының уақытша міндетін атқарушысы сөз алып таныстырылған жобаларға жақсы пікірлер айтып, баяндамашыларға алғысын айтты.Оқушыға білім беруде өңір ұстаздары бас қосқан тәжірибе тарату алаңында мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға салып, семинарға қатысушы ұстаздар Түркістандық мұғалімдерден оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.