13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

70 НЕМЕРЕСІ, 20 ШӨБЕРЕСІ БАР: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 24 БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ТҰРАДЫ

14 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
70 НЕМЕРЕСІ, 20 ШӨБЕРЕСІ БАР: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 24 БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ТҰРАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы — батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова.

24 баланы дүниеге әкелген ана бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы батыр ана еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асуларына тілеулес жан. Еңбекке жастайынан араласып, ерте есейген ақ жаулықты ананың жастарға айтатын өсиеті жетерлік.

«Адамды адам еткен — еңбек» дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере, шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымызды жақсы тәрбиелеуге тырыстық, еңбекті сүйіп өсірдік. Маңдай термен табылған нан қашанда тәтті», – дейді қарт ана.

Сапаркүл апа бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген аяулы ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» омырауына тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты.

Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында шаңырақтан береке алыстаған емес. Сапаркүл апаның перзенттері Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.

Батыр ана жолдасы екеуі бүгінде кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Next Post

«ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ»: БІЛІМ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі