13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУГЕ ЖАУАПТЫ МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

27 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУГЕ ЖАУАПТЫ МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Үздік педагог -2023» атағын беру конкурсының облыстық кезеңінің дайындық жұмыстарын жүргізудің іс-шаралар жоспары негізінде осы жылдың 26 маусымы күні аудан, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің және облыстық мамандындырылған мектеп интернаттарының «Үздік педагог» конкурсын өткізуге жауапты мамандарының қатысуымен офлайн режимінде тәжірибе алмасу семинар-кеңесі өтті.

Семинар-кеңес барысында конкурстың IІ кезеңінің ережесімен таныстырылым өтіп, 2022 жылғы республикалық «Үздік педагог-2022» конкурсының жеңімпаздары «Педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі», «Педагог қызметінің нәтижелілігі», «Педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау» тақырыптарында тәжірибе алмасты.
«Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені ол үздіктердің ішіндегі ондаған үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Жүлде қорын ұлғайттық және бұл мықты мамандардың мамандыққа келуіне түрткі болып, осы кәсіпте ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенеміз. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға үміткерлер саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де артып келеді. Бұл жалпы білім сапасы мен педагог мәртебесінің артқанын көрсетеді. Биыл байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады, мысалы, қатысушылар қай кезеңде тұр, оларға сарапшылар қандай ұпай қойды»,- дейді сала мамандары. Байқау үш кезеңнен тұрады:

— I кезең – аудандық, қалалық деңгей;

— II кезең – облыстық деңгей;

— III кезең – республикалық деңгей.

Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.

Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ден астам үздік педагогі анықталды.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР «ҚУАНЫШ» ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

Next Post

Түркістан облысы: Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі басты назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі