13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды

26 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды. Келес ауданына қарасты Көкбұлақ ауылының тұрғыны Ахмед Шүкірұлы қолдан шағын трактор құрастырып шықты. Бір ерекшелігі өнертапқыш ауланың әр бұрышында жатқан жарамсыз техника бөлшектерін жинап, кәдеге асырған. Мәселен, трактордың маторы Ваз-2106 көлігінен алынған. Ал, қозғалтқышы ГАЗ-52-ге тиеселі. Сондай-ақ, артқы мост ГАЗ-53 көлігінікі. Жүргізуші отыратын кабинаны кәдуелгі темірмен дәнекерлеп, төбесін матамен жапқан. Жалпы ауыл тұрғыны үш жыл ішінде газбен жүретін шағын тракторды қолданысқа ендірді.

«Ауылымыздың тұрғындары ауыл шаруашылығы саласында еңбектенеді. Трактор алуға екінің бірінің қолы жете бермейді. Содан бос уақытымда керексіз техникалардың басын қосып, трактор құрыстыруға кірістім.Алдағы уақытта тракторды жетілдіремін. Пластиктен терезелер орнатып, есік қоямын», – дейді ол.

Бүгінгі күні Ахмед Шүкірұлының қолдан жасаған тракторы ауылдағы жер жырту, шөп жинау, егінді тырмалау, жүйек тарту жұмыстарына жарап тұр. Ауыл тұрғындары арнайы ақысын беріп, қажетті жұмыстарын жасатуда. Өнертапқышта бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнертапқыш зейнеткер тұрады. Ол ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерді қолдан құрастырып шығарады. Он саусағынан өнер тамған шебер жемтартқыш, шөп турағыш, кірпіш құятын қондырғының түр-түрін қолдан жасаған.Бұл – түктеп жиналған шөпті малға ұнтақтап, турап беретін құрылғы. Оның ерекшелігі бір ғана адамның еңбегімен бордақылау алаңындағы мыңдаған ірі қараны азықтандыруға болады. Өнертапқыштың айтуынша, аппарат тек шөп емес, жүгері соясы мен қамысты да турай береді екен. Сынтас ауылындағы бұл үйдің ауласы бүгінде шағын зауытқа айналған. Қолдан жасалған құрылғыларға сұраныс та жоқ емес. Шебердің сөзінше, тапсырыс көбіне солтүстік және шығыс өңірлеріне түседі екен. Сондықтан өнертапқыштың ұлы Жәнібек те әке ізін жалғап жүр. Темірдің тілін жетік меңгерген ол бүгінде кез келген дүниені жасай алады.

Previous Post

САЙРАМ: 1134 ОҚУШЫ МАМАНДАНДЫРУ КУӘЛІКТЕРІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Next Post

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі