Жасөспірімнің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі мамандық таңдау! Оларды «Мен қандаймын? Мен не істей аламын? Мен болашақта қандай кәсіп иесі боламын?» деген сұрақтар толғандырады.
Сайрам аудандық білім бөлімі Оқу-өндірістік комбинатында аудандағы орта мектептердің 9-10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар бере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие болған 12 мамандық бойынша бастауыш кәсіптік білім береді.
Оқушылар өз қалауы бойынша ұсынылған мамандықтардың біреуін таңдап, 9 сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің стандарттарына сәйкес кәсіби бағдар алады, ал 10-11 сыныптарда қосымша білім беру бағдарламалары негізінде кәсіптік даярлаудан өтеді.
Оқу-өндірістік комбинатта білім алған мектеп оқушылары жалпы орта білім аттестатына қоса мамандандыру куәліктеріне ие болады, яғни бір маман иесі болып шығады.
Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында 1134 оқушы мамандандыру куәліктеріне ие болды.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің басты көрсеткішіне айналатын жаңа ұлттық үлгіні құруды көздейді. Жаңарту процесі білім берудің цифрлық трансформациясын қамтиды. Цифрландыру процесі сапалы және мінсіз білім беру үдерісіне әсер етеді. Қазақстандағы мектеп білімін цифрландыру оны реформалау үдерісіндегі негізгі тенденциялардың бірі болып табылады.
Мектептердің болашаққа деген көзқарасы көп жағдайда барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Әңгіме онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы болып отыр.
Мектеп кітапханалары ақпараттық-компьютерлік орталықтарға айналды. Білім беру үдерісі әрбір оқушының жеке куәлігімен байланыстырылатын болады, бұл ашық бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі ақпараттық технологияларды дамытуды жеделдетуге ұмтылуда.
Қазіргі ақпараттық медиа цифрлық сана мен технологияға қол жеткізудің негізгі алғышарты болып табылады.
Білім беру қозғалысын кім басқарады? Әрине, мұғалімдер. «Ұстаз – мен үшін ең қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – дейді Ыбырай Алтынсарин. Мұғалім мамандығы ең беделді мамандықтардың біріне айналуда.
Бүгінде Үкімет әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі мұғалімнің рөліне үлкен мән беруде: мұғалім мамандығының беделі артып, «Педагог мәртебесі туралы» заңда олардың мүдделері мен құқықтары қорғалуда.