Кентау қаласында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша биылғы жылы Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектебінде өтпелі кезеңмен бастау алды. 2022 жылы су және кәріз жүйелері толықтай ауыстырылған болатын.
Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны 425,0 млн теңгені құрайды. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, жобаға сәйкес шатыры, эл.желілері, вентиляция, жылу жүйелері, терезелері және т.б ауыстырылып, жұмыстар 2023 жылы тамыз айының соңына аяқталу көзделген.
Партияның Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Камалбек Беркімбаев, комиссия төрағасының орынбасары Шерәлі Дәрібаев, комиссия мүшесі Абдинаби Розибаев, комиссия хатшысы Бейсен Самбетов тапсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өаілдерінің қатысуымен жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жөндеу жұмыстарына мердігер «СКС инженеринг» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Pro Expert» ЖШС және авторлық қадағалаушы «Асыл строй» ЖШС.
Мониторинг жұмыстары барысында тапсырыс беруші мен мердігерге кемшіліктері көрсетіліп, жұмыстардың және материалдардың сапасына аса мән беруді, жұмысшыларды арнайы киіммен қамтылуын және жұмыстардың өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуін тапсырды. Бүгінде жөндеу жұмыстарына 40 — тан астам жұмысшы тартылған, оның ішінде 12- і жергілікті қаланың тұрғындары.
Кентау қаласы бойынша 25 мектеп (23 мемлекеттік 2 жеке меншік), 19 067 оқушы бар. 33 балабақшада (14 мемлекеттік 19 жеке меншік) 5 мың 938 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2021-2022 оқу жылында 844 оқушы мектеп бітіріп, ҰБТ нәтижесі орташа 73,9 баллды құрады.
2022 жылы Хантағы ауылынан №5 және № 6 мектептерге заманауи спорт залы салынып, қолданысқа берілді. Кентау оқушылар үйі қайта құрылып, қосымша білім беру орыны 1800 бірлікке артты.
2022 жылы заманауи жабдықталған 1-4 сынып оқушыларына арналған жеке-меншік «Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп» ашылды.
Т.Рысқұлов атындағы №24 мектептің қолданыстағы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 40 млн.тг бөлініп, мектептің кәріз жүйесі жөндеуден өткізілуде. Барлық мектептер ішкі әжетханамен қамтылған және 615 бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілген.
Кентау қаласында 3 ауысымда білім беретін мектеп жоқ.
«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 1500 орындық 2 мектеп құрылысы үшін жер телімі бөлінді.Кентау қаласында 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 1 МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) аясындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 «Кентау спорт клубы» орналасқан.
Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда 5 клубтық мекеме (қалалық мәдениет сарайы -1, ауылдық клубтар -4), 10 кітапханалар (оның ішінде 6 қалалық, 4 ауылдық), 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы халыққа қызмет көрсетеді.