13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды

22 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Шымкент қаласында жазғы маусым басталғалы 35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп көркін ашады, әрі ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады. Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары.

Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді. Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар, Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда.

Айта кетейік, Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады. Олар Мәделі қожа — Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі.

Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады. Ал, 2021 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.

Previous Post

Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Next Post

КЕНТАУ: МЕКТЕПТІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі