13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек

10 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек.
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық-жобасында.
Ведомство түсіндірмесіне сай, оқу ордасына көрнекті қайраткердің есімін беру оның ғылымға қосқан үлесін лайықты бағалауға бағытталған.

«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының оқытушыларының мәртебесін арттырады және қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесінің жоғары бағасын көрсететін болады», — деп түсіндірме берілген бұйрыққа.
Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысы Саясат Нұрбекке жолданады.

Ел аузында «Арыстан бабтан тіле, Ясауиге түне» дейтін өсиет тұнған қанатты сөз бар. Қа­зақ жұрты зиярат ететін дәл осы Арыстан баб кесенесінің қираған бөліктерін бүтіндеген де – Өзбекәлі Жәнібеков. Ақиқа­тын­да осы сөйлемнің өзі оңай айтыла салатын сөз секілді. Әйт­песе бұл жұмыс зор қажыр-қай­ратпен, асқан табандылықпен келді. Себебі кесенені қалпына келтіруге сол кезде билік жүр­гіз­ген Мәскеу қарсы болды. Сон­дай қарсылыққа қарамастан үлкен тәуекелді талап ететін істі үйіріп әкету – табандылықтың ғана емес, тапқырлықтың, терең философиялық саясаткерліктің, ұлт­жандылықтың белгісі. Арыс­тан бабтың Жұман мешіті сол тұста қирап жатқан болатын. Оны қайта тұрғызуға Мәскеу рұқ­сат бермеген-ді. Бірақ ер қай­рат­кер ебін тапты.

ғасырлық Отырарды суландыру жүйесі деп аталатын экспозицияны сыл­тауға айналдырып дегеніне жет­кіз­ді, ойындағыны іске асырды. Арыстан баб кесенесінің мешіт бөлігі кезіндегі саясаттың сал­қынымен сүріліп, намаз оқы­тыл­май қалған. Қазақты рухания­ты­нан айырған кезең ғой. Сондай саясатқа қарамастан Өз-ағаң бір­неше жыл ішінде кесе­нені қал­пы­на келтірді. Артын­ша қасиетті орын мемлекет қара­ма­ғы­на өтті.Өзбекәлі Жәнібеков – ұлы даланың әр қиыр шетін аралап, талай тарихи орынға табаны тиіп, көптің көзі түсе бермейтін, жұ­рт бағасына жете қоймаған тың дүниелерді халықтың өзіне қайтарған, ұлттың болмысын өзіне қайта таныстырған этнограф, тарихшы. «Тағдыр та­ғы­лы­мы» деп аталатын қос кіта­бының екіншісінде көкірек көзіңді ашатын, таным түсінігіңді кеңейтетін, тіпті санаңды сілкіп салатын сөз көп. Кейбір сөздердің біз біл­мейтін сырын ашқандай. «Қай­­таланбас бейнелер ретінде жұрт­­тың абайында мәңгі қалып қойды», деп жазады. Байқадыңыз ба, «Абай» сөзін «сақ болу», «жүру», «аңдап сөйлеу» секілді мағынада емес, «санасы», «жады», «есі» ретінде қолданып отыр. Бұл – Құнанбайдай күрделі тұлғаны қазаққа сыйлап, одан туған адам­заттың Абайын тәрбиелеген Зере ана­мыздың әлеміне терең­деп қа­на қоймай, бір кездері қа­зақ­­тың қолданысында болып, ке­йін ұмы­тылып кеткен сөздерді қайта жаң­ғырту.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: "Ақылды балаға - сыйлыққа Ақылдым" атты акция-байқауы өткізілді

Next Post

Шымкентте көпфункционалды қойма кешені салынып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі