Түркістан облысында 908 мемлекеттік мектептер былтырғы жылы 650 кең жолақты интернетпен қамтылған болатын. Интернет жылдамдығы 20 мбит/с-тен жоғары, оның ішінде 216 мектепте интернет жылдамдығы медь және радио байланысы желісімен жұмыс жасайтын интернет жылдамдығы 20 мбит/с қа дейінгілер. Ал 0ал5ан 42 мектепте операторлардың техникалық мүмкіншілігі болмау себебінен осы уақытқа дейін мәселе туындап келген. Алайда биылғы жылдың басынан операторлардан техникалық мүмкіншіліктер сұралып, 15 наурызына дейін радиобайланыс желісімен шешілетін болды. Жоспар бойынша 2023 жылы 84 мектеп, 2024 жылы 87 мектеп, ал 2025 жылы 87 мектепке оптикалық байланыс жүйелерін кіргізу бойынша нақты жоспар жолға қойылды. Аталмыш жоспар операторлармен пысықталып «СНП 2» бағдарламасына енгізілді.
Былтыр Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары Интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болған еді. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Түркістан облысындағы мектептердің қауіпсіздігін арттыру бойынша жасалып жатқан істерге келетін болсақ, 908 мектептің 650-ң бейнебақылау камералары Түркістан облыстық Полиция департментінің жедел басқару (ЦОУ) орталығына бақылауға шығарылған. Жалпы 908 мектепте 9980 камера орналастырылған және оның жобамен 3328 данасының тозығы жеткен, жұмыс жасау қабілеті нашар. Осыған қоса, 1800-2000 жуық камера қосымша қажеттілігі бар. Жалпы саны 350 мектепте сақтау регистрі істен шыққан. 450 мектептің ғимараттарының ішінде кабельдік құрылым стандартқа сай емес және кейбіреулерінде жоқ. Бұл, кабельдік құрылымның болмауы не тозуы интернет арнасының ғимарат ішінде толық тарауына, бейнебақылау камералардың шығарылымына жол бермейді. Сонымен қатар, бұл ақпараттық қауіпсіздікке де алып келеді. Қалған, 258 мектептің байланыс арнасы төмен жылдамдықта болғандықтан және камералар мен регистрлердің тозуы және істен шығу себебінен қосылмай тұр. Қалған 235 мектепте 334 дабыл батырмалары орнатылған, бірақ оның 270 (80%) астамы жұмысқа қосылмай тұр. Себебі, сүйемелдеу немесе қарап күтуге қаржы қаралмаған. Түркістан облысы бойынша бар болғаны үш мектепте ғана турникет бар екен. Айта кетсек, Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес облыста мектептер 3 санатқа бөлінеді;
1 — санаттағы 363 мектепте бейнебақылау және сирена дабыл жүйесі болуы шарт (оқушы саны 300 дейін).
2 — санаттағы 328 мектепте дабыл түймесі мен бейнебақылау жүйесі болуы шарт (оқушы саны 300 ден 700 – ге дейін).
3 — санаттағы 217 мектепте турникеттер мен бейнебақылау жүйесі болуы шарт (оқушы саны 700 ден жоғары).
Сонымен қатар білім ошақтарында бірқатар қажеттіліктер туындап отыр. Мәселен:
— 3328 камераны жөндеу немесе ауыстыруға шамамен 166 млн.тг.;
— 1800 – 2000 камера сатып алып, орнатуға шамамен 90 – 100 млн.тг.;
— 350 дана тіркеу және сақтау регистрлерін алуға шамамен 80 млн.тг.;
— 450 мектептегі кабельдік құрылым жүйесін жасап шығуға орта есеппен 210 млн.тг.;
— 235 мектептегі 334 дабыл батырмаларын сүйемелдеу үшін 1 жылға орта есеппен 75 млн.тг.;
— Қосымша қажеттіліктегі 93 мектепке дабыл батырмаларына шамамен 15 млн.тг.;
— Қосымша 214 мектепке 4 дана турникеттен болғанда 856 турникет шамамен 380 млн.тг. қажет етеді (ескеру 1 турникет орнату орта есеппен 360 мың тг.)