13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Білім саласында жеткен жетістік көп

16 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Білім саласында жеткен жетістік көп
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл алғаш рет республикалық «Жұмыс берушілер күні» атты ашық есік күні атап өтілді. Аталған іс-шараға 52 колледжден 445 әлеуметтік серіктестер мен жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері қатысып, нәтижесінде түлектерді жұмысқа орналасу туралы меморандумға қол қойылды. 2023 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында 2 колледжде 10-11 сыныптарының білім алушылары оқудан қол үзбей бір уақытта жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алуға эксперименттік білім беру бағдарламасын жүзеге асырылуда. Яғни, мектеп түлегі аттестатпен бірге колледждің дипломын алып шығады, нарыққа қажет мамандықтың иесі бола алады.

Талапкерлердің сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында 2022-2023 оқу жылында колледждердің кіреберісіне автоматтандырылған бақылау жүйесі (СКУД) орнатылды. Бүгінгі күні облыста дуальды оқыту жүйесі 35 колледжде көлік, тамақтану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика және байланыс салалары бойынша іске асырылылып, 5390 студентті қамтиды. Қазіргі таңда жұмысқа орналасқандар саны 734 құрайды. Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылда аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2 050 орынды 9 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Соңғы жылдары елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолай­лы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңге қанат жаю­ы­на жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәр­­биелеу болашаққа жасалған бас­ты инвестиция. Айта кететін маңызды мәселе — қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы және өзге де білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстарды қазіргі Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырза жалғастыруда. Ол білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне және білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтуға баса назар аударуда.

Одан өзге тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ол үшін мемлекеттік тапсырысты 2026 жылға дейін 15,5 мың орынға дейін арттыру жоспарлануда. “6950 маман кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқып, 100% жұмысқа орналастырылады. Колледж студенттерінің стипендиясын 50%-ға арттыру бойынша шаралар қабылдануда», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Түркістан облысында да білім саласы үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының білім саласына қатысты мәселелер жан-жақты талданып, соны шешу жолдары да қарастырылып жатыр. Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында тұр. Білім сапасы балабақшадан бастау алады. Осы орайда біздің алдымызда балабақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр.

“Облыста 1400-ден аса мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен 2019 жылдан бастап толық автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз”,- деген болатын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Осы бағытта Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға, ал Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Ал, Түлкібас ауданы «Жанкент» жалпы орта мектебінің базасында 150 балаға арналған «Өнер» мектебінің филиалы құрылғанын да жылдың айшықты оқиғалары қатарында атап өтуге болады. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда. Осыған орай, Басқармада білім беру ұйымдарындағы жағдай мен білім сапасын қадағалайтын және білім саласын цифрландыруды жүзеге асыратын ситуациялық орталық үлгісінде жұмыстардың орындалуы алдағы жылдың еншісінде.

 

Previous Post

Шымкентте зағип жандарға арнап аудио кітаптар жазу ісі қолға алынды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі