Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы АТМЛ аула клубтарын ұйымдастыруда. Аула клубтары — балалардың бос уақытын тиімді өткізуде жасөспірімдер үшін бірден-бір тәрбие ошағы. Осы аула клубтары арқылы балалардың оқуға, өнерге деген бейімділіктерін ашылып, жан-жақты дамуға, ой-пікірін қалыптастыруға, ұштауға тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде шығармашылық қабілеттерін шыңдау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір үрдісін насихаттау, спорттың әр түрлі салаларын көпшілікке тарату жұмыстары күн сайын жүргізіліп келеді.
Аталған жұмыстар білім алушылардың емтиханға дайындық күндері үйірме жетекшілерінің жоспарына сәйкес, жүргізіліп отыр. Аула клубының мақсаты – оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Өйткені, өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бала бойында жасырынып, ашылмай жатқан түрлі өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтан үлкен сарқырама жасау.
Баланың бойындағы сан алуан өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтың көзін ашуды басты мақсат еткен аула клубы балғындарды оқудан тыс уақытта тәлім-тәрбиеге баулиды. Баланың бойындағы сан алуан өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтың көзін ашуды басты мақсат еткен аула клубы балғындарды оқудан тыс уақытта тәлім-тәрбиеге баулиды. Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз – жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу, ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Балалар мен жасөспірімдердің уақытын мазмұнды өткізу осы жердегі тәрбиешілер пен педагогтардың білім сапасы мен шығармашылық деңгейіне байланысты.
Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету – ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы. Ұстаз еңбегі – шығармашылық еңбек. Сондықтан да аула клубындағы ұстаздар әр сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Үнемі ізденіп, балаларды өнерге баули отырып, білімдерін де шыңдау үшін қызықты сабақтар мен тәрбие сағаттары өтіп тұрады.Сонымен қатар аталған клубқа балалармен жоғары деңгейде жұмыс жүргізетін, педагогикалық білімі бар қызметкерлер ғана тартылған. Аула клубына бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары алынады. Барлық үйірмелерге қатысу тегін. Үйірмеге келетін балалардың төрт пен 16 жастағы аралықты қамтиды. Сондықтан да мұнда оқушылар жылдан-жылға көбейіп келеді. Бір сүйсінерлігі, кейбір үйірмелердің оқу үлгерімін нығайтуға да қосатын үлесі мол екен. Сондай-ақ, өткізілетін іс-шаралардың қызықты жаңалыққа толы болуына барынша назар аударылады. Өйткені, аталған аула клубының басты көздеген мақсаты да – балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.