13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ КӨҢІЛДІ ӨТУДЕ

16 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ КӨҢІЛДІ ӨТУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданындағы балалар саз мектебінің «Балалардың игілігі үшін» атты концерттік шарасы өтті. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында аталған ауданда спорттық мәдени шаралар жиі атап өтілуде. Соның бірі — саз мектебінде оқитын өнерлі балалардың дәстүрлі ән, күй, би және түрлі аспаптар арқылы ойнаған концерттік бағдарламасы! Олар ұлттық ән-күйден бөлек, әлемдік классикаға айналған Бэтховен шығармашылығын күйсандықта жоғары деңгейде орындап шықты. Әсіресе Шардара балалар саз мектебінің шәкірттері нөмірлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Шардара балалар саз мектебінде 740 бала 11 бағыт және 42 сынып бойынша оқиды. Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауға алынған. 22 сауықтыру объектісі маусымдық режимде жұмыс істейді. Түркістан облысында жалпы 23 балаларды сауықтыру нысаны бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты. Спикердің сөзінше, Түркістан облысында жалпы 23 балаларды сауықтыру нысаны бар. Оның ішінде мемлекеттік нысандар — 11, жеке нысандар — 12. Ал Төлеби ауданындағы «Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру орталығы жыл бойы қызмет атқарады. Қалған 22 сауықтыру объектісі маусымдық режимде жұмыс істейді. «Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерінің қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бекіткен бұйрық талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

Осы ретте сауықтыру қызметін бастау үшін нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы керек. Биыл өңірде 11 сауықтыру лагері санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы қорытынды алды. Оның 10-ы өз қызметін бастаған. Ал, Түлкібас ауданындағы «Ерке» және «Машат-Арасан» лагерьлеріне санитариялық қағидалар сақталмауы және зертханалық зерттеу хаттамаларының толық болмауына байланысты дәлелді бас тарту берілген. 5 лагерьге қатысты өтініш тексерілу үстінде.

Previous Post

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

Созақ ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы жүйелі түрде жүзеге асып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі