13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

16 июня, 2023
in Спорт
0
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің кубогі өткізілді.
▫️Аудан әкімінің кезекті мәрте өткен дәстүрлі кубогіне 8-14 жас аралығындағы 130-ден астам жас спортшылар қатысты. Негізгі идея — осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау.
▫️ «Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын үздіксіз еңбектенуді қажет етеді. Себебі бүгінгі еңбек нәтижесі – ертең ел намысын қорғайтын «Чемпионды» даярлайды. Осы орайда, бүгінгі турнирде сынға түсіп отырған барша аруларымызға сәттілік тілеймін!» — деді, аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы.
▫️Турнир ережеге сәйкес жекелей және топтық бағытта өткізілді. Нәтижесінде топтық сайыстар бойынша жалпы 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды. Ал, жекелей сайыста 7 алтын, 7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, аудан әкімінің арнайы Кубогімен, дипломымен және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды.
▫️Сондай-ақ, турнирге қатысушы барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды.
▫️Турнирдің қорытындысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды, барлық бапкерлер мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтап, сәттілік тіледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкөркем гимнастикаШымкентҚаратау ауданы
Previous Post

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталуға жақын

Next Post

ШАРДАРА: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ КӨҢІЛДІ ӨТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі