13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «БАСТАУ» XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «БАСТАУ» XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 9-13 маусым аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVI республикалық математикалық олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі, Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында өткізілді.Олимпиада 3 кезең бойынша өтті: алғашқы екеуі – командалық есеп, соңғысы – ауызша жеке есеп.Тапсырмалар математикалық логиканы дамытуға бағытталған.

Олимпиаданың басты мақсаты бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.
Олимпиадаға жалпы республика бойынша 2-4 сынып оқушыларынан 150-ге жуық, Түркістан облысы бойынша 2-4 сыныптардан 6 оқушы қатысқан болатын.
лимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының Республикалық қауымдастық мектептерінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада командалық сайыс түрінде 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аймақтық, 2 кезең – Республикалық.

Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретті.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық есеп)
2 тур — «Көкпар» (командалық есеп)
3 тур – «Математикалық бәйге» (жазбаша, ауызша жеке есеп)
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
ІІІ орын — Командалық есеп (орыс тобы)
ІІІ орын — Қайназар Құрманай – 4 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Қайнар жалпы орта мектебі
ІІІ орын Ерланов Бибарыс — 4 сынып (орыс тобы), Жетісай ауданы, М.Горкий атындағы №1 мектеп-гимназия
Мақтау қағазы — Әбен Ясина – 2 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі
Жеңімпаз оқушыларымыз бен математика пәні бойынша дайындаған жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР РЕСЕЙГЕ ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТЫН БАСТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі