«AMANAT» партиясының халық құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы серпінді дамып келеді. Апта сайын өтетін қабылдауларға келушілер саны да артуда.
Бүгін партияның Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Халыққа адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы, Zangerler Palatasi заң консультанты Мырзағалиева Анар Топиқызы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары заң тұрғысынан кеңес беріп, мәслелерінің оң шешілуіне үлес қосты.
Кәсіби құқықтанушы мамандардан кеңес сұраушылардың басым бөлігі жер дауымен келген. Мәселен, Қызылжар тұрғын алабы тұрғындарының әуежай маңындағы жер телемдерінің мемлекет мұқтаждығына қайтару туралы мәселе көтерілгелі көңілдері алаңдаулы. Заңды жері мен шағын баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдаған олар заңгерлерден көмек сұрап келген.
Сондай ақ, заңгерлер тұрғындарға зейнетке шығу, несие, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беріп, сот орындаушы, полиция қызметіне наразылығына қатысты, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша көмек берді.
#AMANAT