Дәрігерлер адамдардың әртүрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сондықтан да табиғаттың тазалығына қатаң көңіл аударған жөн.
Қоршаған ортаның ластануының алдын алу шаралары:
-Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азайтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.
-Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.
-Күнделікті тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне шығару, шығарылған қоқыстардың тек арнайы қоқыс тастау полигондарына шығарылуын қамтамасыз ету.
— Айналаны мейлінше көкалдандыру, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстарын жүргізу.
Ғалымдардың мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан.
Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсе отырып, адам организміне де әсер етеді.
Егер адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар, атмосфераға адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қарапайым қағидалардың орындалуын бүкіл қоғам болып қамтамасыз етуіміз керек. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлсе, өзіміздің жер анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы