13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сержанттар құрамы марапатталды

3 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сержанттар құрамы марапатталды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің сержанттары «Түркістан» залында құрметке бөленді. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын кіші командирлерге алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

Салтанатты жағдайда мемлекеттік Ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны шырқалды. Сержанттарды кәсіби мерекелерімен Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджанов және «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері құттықтады.
Іс-шара барысында оқу-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындағаны және қызметтегі жетістіктері үшін көзге түскен әскери қызметшілерге әскери атақтар беріліп, грамоталар табыс етілді. Ал Қарулы Күштердің ардагерлері әскери қызмет үздіктерін «Қазақстан патриоттары» медалімен марапаттады.
— Жауынгерлік дағды, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухы сержанттардың кәсібилігіне байланысты. Олар тәуліктік нарядта сарбаздармен катар қызмет етеді, әскери тәртіпті нығайту бойынша күнделікті жұмыс жүргізеді. Бұл жерде жеке үлгі, бедел, жоғары адамгершілік қасиеттер, іске деген қайсарлық, тәртіптілік ерекше маңызды, — деп атап өтті подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды. Әскери қызметшілердің алдында мегаполисте танымал би және музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Балалардың құнарлы және қауіпсіз тамақтануының маңыздылығы

Next Post

Шымкентте әскери көктемгі шақыру аяқталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі