Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Оқу жылында әр бір тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Сондықтан балалардың ағзасын сауықтыруға, эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытумен қатар бала денсаулығымен өміріне қауіпсіз жағдай жасау үшін ересектердің күшін жұмылдырып біріктіру өте маңызды.
Балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №ҚР ДСМ-78 бұйрығының талаптарына санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі. Санитарлық қызмет тарапынан жазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі , яғни балалардың толық құнды, құнарлы және қауіпсіз тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардың шынығуына жағдай жасалынуымен қатар лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де бақылауға алынып, қатаң қадағаланады. Әр бір сауықтыру мекемесі дайындығының нәтижесіне қарай берілетін санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі жөніндегі қорытындысы болмаған жағдайда, объектіге балаларды кіргізуге тыйым салынады.
Сауықтыру барысында балалардың денсаулығын нығайтумен қатар ішек инфекцияларының, ботулизмнің және жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі санитариялық талаптар қойылады:
- Лагерь басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі.
- Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыш жабдықтарында және (немесе) тоңазытқыш камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады.
- Күн сайын тамақтанатын балалардың саны, жасына байланысты граммен берілген дайын тағам порциясының массасы, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдер шығысы («брутто» салмағында) көрсетіле отырып, әрбір тамақтануға тағамдар тізбесі көрсетілетін тарату-ас мәзірі жасалады және ілінеді.
- Тамақтану арасындағы интервал 3,5-4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Тамақ арасындағы аралықта ас мәзіріне қымызды немесе қышқыл сүт өнімін енгізу ұсынылады.
- Гиповитаминоздың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, кисель) «С» витаминімен жасанды витаминдеу жүргізіледі.
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АСХАНАСЫНДА ДАЙЫНДАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙТІН ТАҒАМДАР:
- сүзбе мен айранды;
- туралған ет қосылған құймақтарды;
- флотша макаронды;
- зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
- кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде – қалуа, мармелад, пастила)
- морстар, квастарды;
- фритюрде қуырылған өнімдерді;
- шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
- күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
- Окрошканы ,
- саңырауқұлақтарды;
- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
- тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
- газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
- фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды;
- ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) рұқсат етілмейді;
А. Искаков.
Түркістан облысының СЭБД басшысы орынбасары