13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте этнос өкілдері қазақ тілінен сынақ тапсырды

30 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте этнос өкілдері қазақ тілінен сынақ тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

«Бірлік» алаңында қолға алынған мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгін Шымкент қаласы «Достық үйі» ғимаратында төрт айлық мемлекеттік тіл курсын оқыған этнос өкілдері сынақ тапсырды. «Достық» үйінде ашылған «Бірлік» алаңына жүктелген маңызды төрт міндеттің бірі – этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету. Осы орайда, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта курсқа қатысуына жағдай жасалған.

«Бірлік» алаңында қолға алынған мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілдері аптасына екі рет бас қосып, қазақ тілін оқып-үйренуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына қатысуына жағдайлар жасалған. Осы бағытта қалалық ассамблея 8 жоғары, 22 орта арнаулы оқу орындарымен екіжақты меморандум түзіп, соның аясында мегаполистегі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту жобасын іске асырып келеді. Тіл үйретудің тиімді практикалық әдістерін қолданып, жастарды оқытып-үйретіп жүрген қалалық «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының» оқытушысы А.Оспанованың айтуынша, шымкенттік этнос жастарының басым бөлігі қазақ тілін түсінеді. Бірақ ойын айтудан және еркін сөйлеуден қысылады.

– Курсқа қатысушылардың көбі күнделікті қолданатын мемлекеттік тілдегі қарапайым сөздерді түсінеді. Мәселе – тыңдаушылардың өз ойын қазақша жеткізуінде болып тұр. Қазіргі таңда грамматикадан бұрын өз ойларын мемлекеттік тілде айту кезінде пайда болатын жағымсыз стереотиптер мен уақытша кедергілерді азайту бағытында жұмыс істеп жатырмыз, — дейді тіл оқыту курсының оқытушысы А.Оспанова. Айта кетейік, «Бірлік» алаңында арнайы тіл оқу курсының төрт айлық курсын тәмамдап, сынақтан өткен этнос жастарына оқу орталығының арнайы анықтамасы табысталды.

Previous Post

Шымкентте коммуналдық қызмет тарифтерінің деңгейі тұрақты

Next Post

Шымкентте ретсіз саудамен айналысқандарға базардан бос орындар ұсынылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі