Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалық етуінде облыс прокуратурасының 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісін ашып, облыс прокуроры ағымдағы жылдың 6 айында азаматтардың құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғауға, аймақтағы қылмыстылық және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына басты назар аударылғанын атап өтті.
Көрсетілген мерзімде атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттер бойынша облыс прокурорының орынбасарлары баяндама жасады.
Үйлестіру шараларының нәтижесінде, бірінші жартыжылдықта жалпы қылмыстық құқықбұзушылық 17,4% төмендеді, сондай-ақ мал ұрлығы 22,6%, алаяқтық 15,7%, ұрлық 31,8% төмендеді.
Қоғамдық мүддені қорғау саласында 51 мың тұлғаның құқықтары қорғалды, жұмысшыларға 34 млн.теңге жалақы қарыз өндірілді, енгізілген қадағалау актілерімен 1664 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, бюджетке 260 млн. теңге өндірілді, 833 млн. теңгеге мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алқа мәжілісінің қорытындысымен облыс прокуроры басым бағыттарды айқындап, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.
Түркістан облысының прокуратурасы