13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ: ӘР АУДАНҒА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ МЕН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

19 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
М.ӘЙТЕНОВ: ӘР АУДАНҒА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ МЕН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте Қала күніне орай пайдалануға берілген нысандар қатарында Оқушылар сарайы да бар. Балалардың толыққанды қосымша білім алуына, спорттық, шығармашылық, ғылыми ізденісі мен зияткерлік дамуына жағдай жасалған ғимарат Нұрсәт шағынауданында орналасқан. Қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қала қонақтары жаңадан ашылған нысанның жұмысымен танысты.
–Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 5 оқушылар сарайын салу жоспарланған болатын. Бүгін Қала күні мерекесінде оқушыларға осындай замануи сарайды сыйға тартып отырмыз. Тұран ауданында тағы бір оқушылар сарайының құрылысы басталып кетті. Одан бөлек, үш оқушылар сарайын салу жоспарлануда. Тек шығармашылықпен шектелмей, балалардың спортпен айналысуына көңіл бөлеміз. 2025 жылға дейін қаламыздың әр ауданының оқушылар сарайы мен спорт кешені болады, — деді қала әкімі.
Ерекше дизайнде салынған ғимартта бір күнде 4 ауысымнан 2000-ға дейін оқушыны қосымша біліммен қамту мүмкіндігі бар. Мұнда 7 бағыт бойынша 35 түрлі үйірме бар. Жаңа ғимаратта бассейн, күрес, жекпе-жек, үстел теннисі ойындарының залдары орналасқан. Ал, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау үйірмелері жұмыс істейді. Музыкалық бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сондай-ақ балалар мұнда футбол, баскетбол мен волейболға қатысып, воркаут алаңында дене шынықтыра алады.
Оқушылар сарайының ерекшелігі – ғимараттың үшініші қабатында ғылыми-техникалық құрылым қаралған. Онда 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелері ашылған.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, қазіргі сәтте Шымкентте оқушылардың 82 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Толық межеге жету үшін бүгінде кешенді жоспар жасалыпты.
–Бүгінде Шымкент қаласында 246 887 оқушы бар. Екі жыл бұрын оқушылардың қосымша біліммен қамтылуы 52 пайызды құраса, білім беру ұйымдары жанынан, білім, мәдениет және спорт басқармалары жанынан үйірмелерге жан басына қаржыландыру жүйесін қоса отырып, жаңадан қолданысқа берілген өнер мектептерінің нәтижесінде көрсеткіш 82 пайызға жетті. Толық қамту үшін 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады, — деді басқарма басшысы.
Оқушылар сарайына қабылдау арнайы мобильді қосымша арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Ата -аналардың өтінімі мен құжатты электронды түрде жүктеліп, кезек ретін де қосымша арқылы хабарланып отырады.
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ

Next Post

Шымкентте 2025 жылға дейін 250-ден астам мәдениет нысаны салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі